Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Технология, жабдықдар және стандарттау» кафедрасы «Қазақстан қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясымен» бірлесе семинар өткізді
27 қыркүйек 2022                  319098
«Технология, жабдықдар және стандарттау» кафедрасы «Қазақстан қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясымен» бірлесе семинар өткізді

2022 жылдың 26 қыркүйегінде Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Технология, жабдықдар және стандарттау» кафедрасы «Қазақстан қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясымен» бірлесе семинар өткізді. Аталған жиынға белгілі ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрам, "Стандарттау және сертификаттау",  "Биотехнология" және "Топырақтану және агрохимия" білім беру бағдарламалары бойынша 1-4 курс студенттері қатысты. Семинардың мақсаты – географиялық нұсқаулар ұғымын терең зерттеп түсіндіру мен  осы бағытта республика көлемінде жүргізілген кең ауқымды жобалар легімен таныстыруға бағытталған.

Жиын барысында Еуропалық Одақтың "Орталық" бағдарламасының бесінші кезеңі шеңберінде "Агробизнестегі микро, шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін өңірлік интеграция , әлеуетті арттыру және Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу-candy V" жобасы таныстырылды. Жобаның басты қызметі сапаның коммерциялық стандарттарын, азық-түлік қауіпсіздігін енгізу мен Қазақстан аумағында және шетелде жергілікті өнімді жылжытудың әлемге танылған құралдарын қолдану арқылы Орталық Азияның қайта өңдеу кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталғандығы туралы баяндама жасалды.

         Іс-шара одан әрі ұйымдастырушылар ұсынған  "Алматы апорты" туралы фильмді тамашалаумен жалғасты. Айта кетсек, Қазақстанда географиялық көрсеткіші бар өнім ретінде "Алматы апорты" таңдалған.. Өнімді географиялық көрсеткіш ретінде жылжыту аймақтың танылуын арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар туризмнің дамуына ықпал етеді.

Жиын соңы сұрақ-жауап форматымен өз мәресіне жетті. "Стандарттау және сертификаттау",  "Биотехнология" және "Топырақтану және агрохимия" білім беру бағдарламалары  студенттері түрлі сұрақтар қойып, толыққанды ақпарат алды.