Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры МИТУ студенті Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
4 қаңтар 2023                  1077
МИТУ студенті Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

10 желтоқсанда Испания мемлекетінің Барселона қаласында өткен  Халықаралық Әлем чемпионатында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенті күміс жүлде иегері атанды. Жастар мен жасөспіріпдер арасындағы Әлемнің 35 елінен қатысқан сайыста, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенті Барлыбай Жібек Сombat джиу-джитсу  спорт түрінен өткен сайыста  48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, мықты спортшылармен жекпе-жекке түсіп, ұпай санымен басым түсіп, айқын жеңіске жетті. Қара белбеу иегері бұдан басқа Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып, спорттық мансабын биікке шарықтатып келе жатыр.