Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры METU University-да « Д.В. СОКОЛЬСКИЙ АТЫНДАҒЫ ЖАНАРМАЙ, КАТАЛИЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОХИМИЯ» институтының профессоры дәріс өткізді
10 сәуір 2023                  916
METU University-да « Д.В. СОКОЛЬСКИЙ АТЫНДАҒЫ ЖАНАРМАЙ, КАТАЛИЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОХИМИЯ» институтының профессоры дәріс өткізді

Жуырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде “Қауіпсіз және салауатты университет” жобасы аясында «Биохимиялық инженерия» кафедрасының ұйымдастыруымен «Д.В.СОКОЛЬСКИЙ АТЫНДАҒЫ ЖАНАРМАЙ, КАТАЛИЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОХИМИЯ» институтынан химия ғылымдарының докторы, профессор А.Т. Масенова, білім алушыларға арналған «Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту үшін перспективалы жасыл технологиялар» тақырыбында арнайы дәріс өткізді. Дәріске «Биотехнология» және «Биоинженерия и биоинформатика» білім беру бағдарламасының  3 курс студенттері қатысты.  Жасыл химия-қоршаған ортаға оң әсер ететін химиялық процестердің кез келген жетілдірілуін қамтитын химиядағы ғылыми бағыт және ол зиянды заттарды пайдалануды болдырмайтын бастапқы материалдар мен процестердің схемаларын таңдауды қамтиды. Сабақ барысында «Жасыл химияның» он екі қағидасы, «Жасыл химияның» даму бағыттары, «Жасыл технологиялар» қандай мәселелерді шешуге мүмкіндік беретіндігі жеке-жеке қарастырылып, талқыланды. Дәрісті қорытындылау мақсатында студенттермен қызықты сұрақ-жауап айдары өтіп, «Жасыл химия – Жасыл экономикаға, Қазақстанның болашағына апаратын жол» ұранымен аяқталды.