Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры «Бизнес акулалары» университетаралық студенттік жобалар байқауы өтті
25 сәуір 2023                  962
«Бизнес акулалары» университетаралық студенттік жобалар байқауы өтті

         2023 жылдың 21 сәуірінде «Экономика және бизнес» кафедрасы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары арасында кезекті университетаралық «Бизнес акулалары» студенттік жобасының байқауын өткізді.

Аталған шараға республика бойынша жиырмаға жуық команда қатысып, 12 жоба ұсынылды. Байқаудың ашылу салтанатында  «Экономика және бизнес» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауым.профессор Ж.Т. Дильдебаева сөз сөйлеп, бұл іс-шара кәсіпкерлік, іскерлік ойлау мен құзыреттіліктерді ынталандыруға және белсендіруге бағытталған. Сонымен қатар студенттік жоба байқауының рөлі дарынды студентерді қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту екенін атап өтті

Келесі кезекте «Экономика және бизнес»  кафедрасының профессоры М.В. Ахмедьярова,  байқауға қатысушылардың құттықтап, ұсынылған 12 жобаға тоқталып,  бұл жобалар 7 сәуірде өткен «Мен кәсіпкермін» атты дөңгелек үстелде қолдау тапқан жобалардың жалғасы екенін атап өтті.

Байқау барысында студенттік жобалардың деңгейі жоба идеясының жаңалығы, мақсат пен міндеттердің анықтығы, маркетингтік зерттеулер мен қаржылық-экономикалық есептеулердің сапасы, тәуекелді бағалау, бағдарламалық өнімдерді пайдалану деңгейі және т.б. критерийлер бойынша бағаланды.

Қатысушылар да өз кезегінде барлық ұсынылған жобалары слайд материалдарымен көрнекі түрде көрсетіп, жобаны үлкен жауапкершілікпен қорғап шықты.Шара соңында студенттік жобалар байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталды:

 I-дәрежелі дипломмен   – «Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің» 1 курс студенті Курочкин Джозеф марапатталды.                                         II-дәрежелі дипломмен – БББ «Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің» «Қаржы» БББ 1 курс студенті Атынбек Зере марапатталды.

III-дәрежелі дипломмен - Тұран университетінің «Қаржы» БББ 3 курс студенті Малахан Фариза марапатталды. 

 III-дәрежелі дипломмен - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Экономика» БББ  1 курс студенті Касымова Арай марапатталды.

 III-дәрежелі дипломмен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Қаржы»  БББ 3 курс студенті Бекмұратова Шолпан  марапатталды.

Жоба конкурсының қорытындысы бойынша кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. қауым.профессор Ж.Т. Ділдебаева және э.ғ.д., профессор М.А. Ахмедьярова студенттік жобалар байқауына қатысушыларға және студенттерді дайындаған жетекшілеріне алғысын білдіріп, сертификаттармен марапаттады.