Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры "Caspian Beverage Holding» кәсіпорнында кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті
16 мамыр 2023                  740
"Caspian Beverage Holding» кәсіпорнында кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өтті

12 мамырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде  академиялық ұтқырлық бойынша білім алушы, С.Сейфуллин атындағы Қазақстан агротехникалық университетінің студенті Д.Жакиянова мен Гиар над Грон (Словакия) қаласындағы Словакия ауылшаруашылық университетінің докторанты Нора Харинг, сусындарды өндіруге және таратуға маманданған өз саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі "Caspian Beverage Holding" өндірісіне экскурсия жасады.

Білім алушылар өнімді дайындаудың барлық кезеңдері, заманауи технологиялық автоматты желілерді басқару, қоймалық сақтауды ұйымдастыру, өнімді алушыларға тиеп-жөнелту жұмыстарымен танысты.