Главная Новости әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен қалалық ғылыми семинарына METU - дің Президенті PhD докторы, профессор Д.Б. Жақебаев қатысты
27 Наурыз 2024                  330
әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен қалалық ғылыми семинарына METU - дің Президенті PhD докторы, профессор Д.Б. Жақебаев қатысты

2024 жылғы 27 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің президенті, PhD докторы, профессор Д.Б. Жакебаев ҚР Ұлттық Инженерлік академиясы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті ұйымдастырған "Қолданбалы және есептеу математикасының заманауи мәселелері" атты 3-ші қалалық ғылыми семинарда баяндама жасады.

  Профессор Жақебаев өзінің "Фазалық өріс және LB әдістерімен төрт компонентті қоспаларды бөлуді модельдеу" атты баяндамасында қолданбалы математика және технологиялар саласындағы зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды. Фазалық өріс және LB (Lattice Boltzmann) әдістері инженерия мен техникалық ғылымдарда кеңінен қолданылатын көп компонентті жүйелерді бөлу модельдеудің инновациялық тәсілдері болып табылады.

  Профессор Жакебаевтың баяндамасы семинарға қатысушыларға, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылар арасында химия технологиясы, мұнай-газ өнеркәсібі және т.б. сияқты әртүрлі салаларда ұсынылған әдістерді қолдану мүмкіндіктері туралы талқылау болды.

 Халықаралық инженер-технологиялық университетінің президенті мұндай ғылыми семинарлардың ғылыми қоғамдастық пен академиялық ортаны дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ұжымы мен білім алушылары Дәурен Бақытбекұлына қызықты әрі пайдалы баяндама жасағаны үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

 

Сабирова Р. Ф.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының оқытушысы.