Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты ашық эдвайзерлік сағаты өтті
11 наурыз, 2017                  318776
«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты ашық эдвайзерлік сағаты өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі бағыт – Қазақстандық патриотизм.

Осы бағытта 2017 жылдың 9 наурыз күні 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аясында Әлеуметтік гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызының басшылығымен, эдвайзер Жақанова Сая Рымғалықызының ұйымдастыруымен университеттің Акт залында Радиотехника, электроника, телекоммуникация мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты ашық эдвайзерлік сағат өткізілді.

Эдвайзерлік сағатқа қонақтар, ата-аналар, оқытушылар, эдвайзерлер және студенттер қатысты.

Нұрмағанбетов Арман мен Шубай Сұлтан «Ерке сылқым» күйімен кештің шымылдығын ашты.

Ғибратова Данагүл, Мадалим Арайлым, Абуов Рахат, Батай Меруерт сынды студенттер өз шығармашылықтарынан анаға арнаған өлеңдерін паш етті. «Ханшайымым» әнін ұлдар гитарамен қыздарға арнап шырқады.

Осындай тәрбиелік мәні бар ашық эдвайзерлік сағаттар бола берсін! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!