Главная Новости Жастар ұйымдары комитеті өз құрамын жаңартты
14 наурыз, 2017                  318723
Жастар ұйымдары комитеті өз құрамын жаңартты
2016 жылдың 13-і мен 14-ші қыркүйек аралығында Жастар ұйымдары комитеті жаңа белсенді студенттерді қабылдады. Екі күндік іріктеу кезеңіне 1-ші мен 3 курс аралығындағы, әр түрлі мамандықтардан 200-ге жуық студент қатысты. Іріктеу барысында студенттер сұхбаттасудан өтіп, өздерін таныстырып, кез-келген сұрақтарға жауап берді. 40 жуық студент сұхбаттасудан кейін ЖҰК мүшелігіне қабылданды. Жалпы іріктеу кезеңінің қорытындысын хабарлау үшін 14 қыркүйек күні ЖҰК кабинетінде белсенді студенттердің жиналысы өтті. Қатысушылар 5 топқа бөлініп, әр топқа тәлімгер тағайындалды. Ендігі кезекте тәлімгерлер ір студентпен жеке жұмыс жасап, олардың тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосатын болады.

ЖҰК-не қабылданған жаңа белсенді студенттерді құттықтап, еңбектеріне табыс және жұмыстарына сәттілік тілейміз!

ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі