Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Өз тіліңе құрмет-өзіңе құрмет
08 казан, 2018                  318721
Өз тіліңе құрмет-өзіңе құрмет
Өз тіліңе құрмет-өзіңе құрмет «Өз тіліңе құрмет-өзіңе құрмет» дегендей Қазақстан азаматы саналатын кез келген этностың өкілі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік тілді өз тілім деп қабылдауы тиіс. Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан -2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бейжай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», деген болатын.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтарының тілдері» мерекесіне арналған апталық өтті. Тілдер мерекесі 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен аталып өтіп келеді. Апталық барысында мерекенің мемлекетімізде өмір сүріп жатқан халықтардың достығын нығайтуға зор ықпалы бар екендігіне ерекше көңіл бөлінді. Акт залында өткен мерекелік іс-шараға университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер қауымы және ата-аналар қатысты. Университетте өзге ұлт өкілдері студенттерінің орындауында ана тілі туралы өлең шумақтары көпшілік көңілінен шықты. Қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, корей, қытай, түрік, ағылшын, азербайжан, т.б. тілдерде өлеңдер айтылып, би билеп, ән шырқалды. Кафедраның ағылшын пәнінің оқытушысы Рашид Жазылбеков студенттермен дайындаған үш тілдік танымдық-музыкалық қойылым көрсетіліп, кеш қонақтарын тәнтті етті.

Тілдер мерекесі – достықтың, ынтымақтың және барлық ел азаматтарының бірлігінің белгісі. Осыған орай көркем безендірілген акті залында ұлттық киімдерін киген студенттер қазақ, ұйғыр, өзбек, украин, орыс, татар, түрік, казказ халықтарының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін ортаға салып, өнерлерін көрсетті.

Апталық қорытындыс бойынша сөз алған ҚазИТУ проректоры Гүлнар Әлібекқызы Сәрсенбекова университет көлемінде осы уақытта дейін де қаншамашаралар жүйелі жұмыс арқасында өткізіліп келе жатқанын айтты. Солардың ішінде Тілдер мерекесінің орны зор. Қазақстандықтар үшін қазақ тілі-руханиятымыздың, мемлекетіміздің басты тірегі. Қазақстан халықтарының тіліне құрмет – елге құрмет. Бұл үрдіс жалғасын таба бермек деп тұжырымдады.

«Қазақстан халықтарының тілдері» мерекесіне ат салысып, белсенді ұйымдастырған әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларына Рашид Жазылбеков, доцент Р. Абдисулейменова, Р. Косова, Т. Мадилова, А.Нұртазаеваға және студенттерге жиналған жұрт ризашылығын білдірді.