Главная Новости «Қарттарым-асыл қазынам» қайырымдылық акциясы
18 қараша, 2016                  318784
«Қарттарым-асыл қазынам» қайырымдылық акциясы
16 қараша күні Жастар Ұйымдары Комитетінің бастамасымен «Қарттарым-асыл қазынам» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында Қазақстан инженерлік -технологиялық университетінің белсенді студенттері «Алматы қалалық қарттар үйінде» қонақта болды. Қайырымдылық акциясында жастар, адамгершілік,ізгілік, қамқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарытып ,қарияларға құрмет көрсетіп, баталарын алды. Жылулық пен мейірімділік сыйлаған жобаны «Қамқор» клубының жетекшісі Сейдін Жамила өзінің «Жаңа жарық» тобымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Жастар қарияларға арнап өз өнерлерін ортаға салып, шағын концерттік бағдарламасын өткізді. Концертте патриоттық әндер шырқалып, күмбірлеген күй тартылды. Талантты жастардың бірі поэзияға кезек берсе енді бірі көпшілікті биімен тамсандырды. Қамкөңіл жандар қуана қол соғып, көңілдері бір серпіліп, жас балаша қуанып мәз- мейрам болды Қарттар жастарға үлкен рахметін білдіріп, жүрек жарды тілектерін арнап,жиі келіп тұруға шақырды.