Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры "Тұқымдық мақсатқа арналған қызанақ жинау" тақырыбындағы Семинар Қазақстан көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қазақстандық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері қатысты.
19 қыркүйек 2019                  318766
"Тұқымдық мақсатқа арналған қызанақ жинау" тақырыбындағы Семинар Қазақстан көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қазақстандық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері қатысты.
Қыркүйектің 6-шы жұлдызында Алматы облысы, Қайнар ауылында НПП «Атамекен» және ТОО «ҚазНИИПО»-ның ұйымдастыруымен практикалық семинар жүргізілді. Ол семинарға «Жеміс-көкөніс» шаруашылығының оқытушысы Ибраева А.Е және «Жеміс-көкөніс» шаруашылығы мамандығында білім алып жатқан 4 студент: Ахметбеков Заманбек, Садығожа Аяулым, Сайлаубек Эльнара,Сафаралы Мадина қатысты. Практикалық семинар «Қызанақты тұқымдық мақсатта жинау» тақырыбында өтті, баяндаған «Көкөніс қауындарын зерттеу және жинақтау» зертханасының жетекшісі ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Нұрбаева Эльмира Акимжанқызы. Қызанақ тақырыбында өткен семинар практикалық түрде түсіндіріліп, өте қызықты өтті. Сонымен қатар оқытушы мен студенттер «Қызанақты тұқымдық мақсатта жинау» атты семинардың теориялық және практикалық курсын оқығанын растайтын сертификатпен марапатталды