Главная Новости Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті
25 қыркүйек 2019                  318769
Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті
25 қыркүйек күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Г.А. Сарсенбекованың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында ҚазИТУ-дың білім сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және жаңа оқу жылының құрылымдық бөлімдерінің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірінші болып Оқу-әдістемелік кеңесінің 2018-2019 оқу жылындағы есебі тыңдалды. Баяндамашы: Ш.А Мұздыбаева. Екінші мәселе бойынша құрылымдық бөлімдердің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бөлім басшылары таныстырып, жаңа оқу жылындағы тың идеялар мен жоспарлармен бөлісті. Ғылыми және ғылыми-техникалық іс-шаралар бойынша З.А. Бисмильдина, оқу бөлімі жайында М.Ш. Жусипова, Д.Е. Елемес, әлеуметтік-тәрбиелік іс-шара жоспарын А.Т. Турсынбаева, қаржы-шаруашылық жұмыстар жоспарын А.А. Тугельбаева, Ж.С. Кусшибекова, Жастар Ұйымдары комитетінің іс-шаралар жоспарын М.А. Батай таныстырып, баяндама жасады. Барлық мәселелер бойынша сәйкесті шешімдер қабылданып, құрылымдық бөлім басшыларының жылдық жоспары бекітілді. Ғылыми кеңес мәжілісінің қорытындысы нәтижелі деп танылды.

Студенттік баспасөз қызметі