Главная Новости ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
04 қазан 2019                  318752
ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2019 жылдың 4, 5 қазанында Түркістан қаласында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігімен (АРТА/IAAR) білім сапасын қамтамасыз ету бойынша III Орта-Азиялық Халықаралық Форум өткізілді.

Форум барысында Қазақстан инженерлік технологиялық университеті, Қырғыз-Өзбек университеті және Тәжікстан технологиялық университеті арасында білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласында халықаралық келісім-шартына қол қойылды.

Халықаралық келісім-шарт бойынша ғылыми орталықтар, лабораториялар базасында бірлескен жобалар бойынша фундаменталды және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, бірлескен білім беру бағдарламаларын, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасын, жоғары білікті мамандарды дайындау/қайта дайындауды жүзеге асыру жоспарлануда.