Главная Новости ҚазИТУ-да «Бірлік-береке бастауы» тақырбында кездесу өтті.
18 қазан 2019                  318739
ҚазИТУ-да «Бірлік-береке бастауы» тақырбында кездесу өтті.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, философия ғылымдарының докторы, халықаралық қауіпсіздік саласының профессоры, акдемик Қазақбай Таштемірұлы Қасимовпен студенттердің кездесуі өтті. Кездесу «Бірлік-береке бастауы» тақырыбында болды. « Ахыска» түріктерінің елімізге қоныс аударуы 1944 жылы 31 шілдеде басталады. КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің № 6279 Қаулысымен олардың тағдыры шешіліп, сол жылы, ІІХК 001176 бұйрығымен тұрғылықты жерлері Кавказдан еліміз бен Орта Азияға күштеп, қоныс аударған болатын. Бейбітшілік пен келісімді ту еткен аталмыш бірлестік өкілдерімен ҚазИТУ студенттердің кездесуі барысында Қазақбай Таштемірұлы өзінің сындарлы пікірлерімен бөлісіп, елімізің өткен тарихынан сыр шертетінін маңызды дәйектер келтіріп, еліміздегі бейбітшілік пен келісім, ұлтаралық достық және қоғамдағы азаматтық ауызбіршілік тақырыбында сөз қозғады. Осы орайда Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болуға шақыратынын тілге тиек етіп, этно-саяси бағыттағы маңыздылығына тоқталды. Сөз соңында Қазақбай Таштемірұлы: «Сендер болашаққа деген үкілеген үмітіміздің тірегісіңдер,бүгінде атқарылып жатқан бастамалардың барлығы да сендер үшін, сендердің озат білімдерің,кемел ойларың болашақта халқымызды көз жетпейтін алысқа, қол жетпейтін биікке алып баратын құдіретті ұлы көш. Мен сендерді адамзат баласының баға жетпес асыл құндылықтары төзімділікті, мақсаткерлікті, отан сүйгіштік патриоттық сезімді бойларыңа дарытуға шақырамын» - деп жастарды жігерлендіріп, елі үшін еңбек ететін білімді ұрпақ болуға шақырды. Қазақстан инженерлік технологиялық университеті рухани күш-жігерге толы кездесудің ұйытқысы болған «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің алдағы бастамаларына толағай табыстар тілейді.

Студенттік баспасөз қызметі