Главная Новости Шағын фуболдан «Ректор кубогі» үшін турнир өтті.
26 қазан 2019                  318817
Шағын фуболдан «Ректор кубогі» үшін турнир өтті.

Салауатты өмір салтын берік ұстанған ҚазИТУ студенттері арасында 2019 жыл 26-қазан шағын футболдан дәстүрлі «Ректор кубогы» сарапқа салынды. Биылғы оқу жылында жаңадан пайдалануға берілген «ҚазИТУ футбол алаңында» өткен турнирге университет және колледж студенттерінен құралған 8 команда қатысты. Олар 1-4 курс студенттерінен құралған «KazETU United», «Olimpic», «Arsenal», «Аякс», «Qairat», «Лидеры», «ВТАиТ», «ВТиПО» құрама командалары. Тартысты өткен турнирді «Жастар жылы» аясында университеттің Жастар Ұйымдары комитеті ұйымдастырып, ұтымды да ұтқыр ойын өрнегін көрсеткен командаға ректор кубогын табыс етті. Сонымен, ойын нәтижесі төмендегідей көрсеткіштерді көрсетті: жүлделі І орынды «Olimpic» командасы, команда капитаны «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Келдібек Дәркен, ІІ орынды «KazETU United» командасы, команда капитаны «Радиотехника электроника телекоммуникация» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Әбдіраш Бағдат, ІІІ орынды ҚазИТУ колледжінің «ВТиПО» құрама командасы иеленді. Сонымен қатар «Аякс» командасының ойыншысы Мамбеталы Жантас сауатты ойын өрнегін көрсетіп «Үздік ойыншы» атанса, жарыстың «Үздік қақпашысы» «Olimрic» командасының қақпашысы Оңайбай Мейіржан болды. Университетіміздің оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Д.Б. Ақпанбетов жеңімпаздарды марапаттап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі. Жеңімпаздарды құттықтап, жеңістің жалауын желбірете берулерін тілейміз!

Студенттік баспасөз қызметі