Главная Новости «Бір ел – бір кітап»
28 қазан 2019                  318738
«Бір ел – бір кітап»
Әбіш Кекілбаевтың шығармалары

28.10.2019 жылы «Студенттер үйі» Мәжіліс залында Ғылыми кітапхана, колледж ұжымы және студенттерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаев шығармаларына арналған әдеби кеш өткізілді. «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу.

Әдеби кеш барысында студенттер Әбіш Кекілбаевтың өмірбаяны, қызмет жолы және шығармашылығымен кеңінен танысты. Студенттер Әбіш Кекілбаевтың романы «Аңыздың ақыры» романын талқылап, өз пікірлерін білдіріп, бірнеше студенттер ақын-жазушының өлең шумақтарын оқыды. Кеш әсерлі де қызықты өтті.