Главная Новости БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ
13 қараша 2019                  318807
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ШАРТ

2019 жылдың 12 қарашасында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорны арасында бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды. Кәсіпорынның басшысы Аманкелді Құрбанұлы Саданов – биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, белгілі ғалым-микробиолог, ҚР Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері", "Құрмет"орденінің иегері.

Келісім-шарт аясында бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, бакалаврлар мен магистрлерді дайындау, қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған кәсіпорын базасында кәсіби тәжірибе мен оқу сабақтарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы бірегей биологиялық және медициналық препараттарды әзірлейді. Бүгінгі күні нарықта осы орталықтың ғалымдары әзірлеген 9 дәрі-дәрмек іске асырылуда.