Главная Новости ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР ДӘРІСІ
13 қараша 2019                  318758
ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР ДӘРІСІ

2019 жылдың 13 қарашасында ҚазИТУ-де "Шақырылған профессор" бағдарламасы аясында өсімдіктер ауруларын емдеу жүйесі бойынша сарапшы, Agropark «Ontustik» Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі Сағитов Абай Оразұлының «Ауыл шаруашылығындағы инновациялар» тақырыбында ашық дәрісі өтті.

Профессор Сағитов А.О. өз сөзінде өсімдіктерді зиянды организмдер кешенінен қорғаудың интеграцияланған жүйесінің технологияларын әзірлеу, карантиндік зиянды объектілерді зерттеу бойынша зерттеулермен бөлісті, мақта мен көкөніс дақылдарында өндіріске кеңінен енгізіліп жатқан биологиялық әдістер, инновациялық энергия үнемдейтін агротехнологиялар және ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктерін зиянды организмдерден қорғаудың интеграцияланған жүйелері туралы айтып берді.

Профессор А.О. Сағитов дәрісі аяқталған соң университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы өзекті сұрақтарына жауап берді.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ағымдағы оқу жылында студенттер, магистранттар және жас ғалымдар үшін Қазақстанның жетекші ғалымдары мен кәсіпкерлеріне шолу дәрістерін өткізеді. Шолу дәрістерінің мақсаты-студенттердің жетекші ғалымдармен, кәсіпкерлермен кездесуі үшін зияткерлік алаң құру, Қазақстанның жетекші ғалымдарымен ғылым мен техниканың дамуындағы ең табысты тәжірибенің мысалдарымен, қазіргі мәселелерді шешу тәжірибесімен таныстыру, талантты студенттердің дамуын қолдау, шығармашылық әлеуетін ашу, жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметпен айналысуға ынталандыру, студенттер арасында ғылымды танымал ету және дамыту. Жетекші ғалымдарымен шолу дәрістерін өткізудің үлкен тәжірибесі мен сапалық деңгейі ғылымдағы жаңа проблемалармен айналысатын студент жастар үшін алдағы уақытта өз жобаларын таныстыруға, тиісті аудиторияның таланттары туралы мәлімдеуге және естуге ынталандырудың бірі болады.