Главная Новости Университет ректорының студенттермен кездесуі өтті.
15 қараша 2019                  318828
Университет ректорының студенттермен кездесуі өтті.

14 қараша 2019 Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде оқу ордамыздың ректоры, Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызымен студенттердің кездесуі өтті. Кездесуге, студенттермен қатар оқу ісі жөніндегі проректор, декан, оқытушы-профессорлар құрамы, шаруашылық және ақпарттық бөлім департаментінің директорлары, студенттер үйінің меңгерушісі, қауіпсіздік қызметінің басшысы, студенттік парламент мүшелері мен студенттік ұйым жетекшілері және басқа да құрылымдық бөлім басышылары қатысты. Кездесудің мақсаты – студенттерді университеттегі білім жүйесімен, жастардың ізденістері мен шығармашылығын дамыту бағытындағы жоспарлармен таныса отырып, студенттердің оқу үрдісіндегі, жалпы студенттік өмірдегі жан-жақты сұрақтарды шешіп, ұсыныстарды қарастыруға бағытталған. Кездесуді ашқан университет ректоры өз сөзінде университеттің қарқынды дамып келе жатқандығын, университеттің дамуында студенттердің үлесі зор екендігін, адам өмірінің ең жақсы кезі студенттік өмірдің қызықтары жайлы айтып өтті. Одан әрі кездесу студенттерден келген сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берумен жалғасты. Студенттер алдын ала қойылған ұсыныстар мен сұрақтар жәшігіне және «Ректорға 100 сұрақ» блогында өздерін толғандырған сұрақтар мен ұсыныстарын жіберген болатын. Осы уақытқа дейін қыркүйек-қазан айларының қорытындысы бойынша сұрақ жәшігі мен ректор блогына 100-ден астам хат келіп түскен. Олар оқу ақысы, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу, оқу үдерісіндегі ұйымдастыру жұмыстары, өндірістік тәжірибе барысы, студенттер үйіндегі ережелер, жалпы студенттік өмірдің басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер туралы сұрақтар болды. Университет ректоры және құрылымдық бөлім басшылары өздерінің құзіреттеріне қатысты сұрақтарға толықтай әрі нақты жауаптар берді. Бұл кездесуде жиналған студенттер де көкейкесті мәселелерін емін-еркін ортаға салуға мұмкіндік алды. Университет басшылары барлық сұрақ қойған студенттермен тікелей байланыс орната отырып, кейбір мәселелердің орындалу мерзімін көрсетіліп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар берілді. Сөз соңында Г.Әлібекқызы студенттерге оқуда сәттілік тілеп студенттердің ұсыныстары мен тілегі университет дамуы үшін өте маңызды екендігін және алдағы уақытта да сұрақтар мен мәселелер уақытылы қаралып жауап берілетіндігін атап өтті. Осы орайда келесі кездесу ақпан айына жоспарланды.

Студенттік баспасөз қызметі