Главная Новости «ҚазИТУ студенттерінің 7 ниет-түрткісі» жобасы
23 қараша 2019                  318772
«ҚазИТУ студенттерінің 7 ниет-түрткісі» жобасы
ҚазИТУ студенттерінің Жастар жылы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында әзірлеген «ҚазИТУ студенттерінің 7 ниет түрткісі» жобасының тұсаукесері болды.

Жоба университет ректоры Г.А.Сарсенбекованың бастамасымен ҚазИТУ студенттерінің дайындауымен іске асқан болатын. Жобаның басты мақсаты Рухани жаңғыру үрдісінің мазмұндық және идеялық арқауын Абайдың рухани мұрасымен байланыстыра отырып, Абай тағылымын оның “Кемел адам” концепциясының ұлттық құндылықтардың арқауы етіп, соның негізінде оқу - тәрбие үдерісін жаңа сапалық деңгейге көтеру. Студенттердің рухани санасын, патриоттық сезімін арттырып, Хакім Абайдың даналығынан алынған «ҚазИТУ студенттерінің ниет түрткісі» арқылы ізгілікті жолға бастау. Университетіміздің белсенді студенттері, «Алтын белгі» иегерлері Қабдоллаева Толғанай, Есеркенова Сабина, Мұсақызы Жания, Уразбаева Меруерт әзірлеген «ҚазИТУ студенттерінің 7 ниет түрткісінің» әр бөлімінің студенттерге берері мол. Абайдың қара сөздерін арқау етіп, ниет-түрткінің басты бағыты етіп алынған тәрбиесі мен тағылым мол жобаның жастардың рухани санасының дамып, тұлға болып қалыптасып, қоғамға пайдасын тигізетін білімділікке, көрегенділікке шақырып, ізгілікті жолға бастары сөзсіз. Ол ниет түрткінің әр бөлімінен көрініс тапқан.
1. «Адам боламын десең, халыққа пайдам тисін десең – оқы!»
2. «Егер ғаламды түсінгің келсе, алдымен өзіңді таны!»
3. «Ғылымды, ақылды сақтайтын сауыт –мінез!».
4. Ізгіліктің ірге тасын әділдікпен қала!
5. «Естілердің сөзін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады!»
6. Ұят – адамшылығыңның алды болсын!
7. Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Студенттік баспасөз қызметі