Главная Новости «Мамандық үздігі- 2019» байқауы қорытындыланды
13 желтоқсан 2019                  318853
«Мамандық үздігі- 2019» байқауы қорытындыланды

"Мамандық үздігі-2019" байқауына 2,3,4 курс «1226000 – Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінң технологиясы және өндірісін ұйымдастыру» мамандығынан 125 студент қатысты. Байқауда студенттер өз қолдарымен тағам пісіріп, өз өнерлерін көрсетті. Әр ұлттың асханасының тағамдарын дайындап, жарысқа түсті. Әзірленген тағамдар комиссия мүшелеріне ұсынылып, бағаланды. Байқаудың шарты 3 бөліктен тұрды:

1. Студент өзі даярлай алатын тағамын көрсету және калькуляциясын шығару, порциясын есептеу;
2. Берілген өнімдерден қысқа уақыт аралығында тағам даярлау;
3. Берілген рецептурамен тағамды даярлау және қандай тағам екендігін табу және сипаттама беру.
Комиссия мүшелері тағамдарды бағалап, кемшіліктерді ескертіп, қорытындысын шығарды.

"Мамандық үздігі - 2019" байқауының үздік деп танылған 8 студент жеңіске жетті. Олар:

1. Жумалиев Берікbr> 2. Алиев Имран
3. Махметов Адиль
4. Ахметов Руслан
5. Ожан Жұпар
6. Жанарбек Алия
7. Саин Ақерке
8. Айдаралы Бақберген.

Байқаудың төрағасы колледж директоры Шалабаева Майра Хусаинқызы барша қатысқан студенттерді Алғыс хатпен, жеңімпаздарды құрмет мадақтамасымен марапаттады. Сонымен қатар байқау ұйымдастырушы Мыржиева Асем Бекболатқызының ұсынысымен жеңімпаз 8 студент Қазақстан колледждерінің студенттері қатысатын "World Skills Kazakhstan" байқауына жолдама алды! Барша қатысқан студенттерге Колледж басшылығы және әкімшілігі атынан өз Алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта жетістіктер мен табыстар тілейміз!