Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ҚазИТУ ұжымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
21 желтоқсан 2019                  318768
ҚазИТУ ұжымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және 2020-шы Жаңа жыл қарсаңында ғылыми-жаратылыстану пәндер кафедра оқытушылары «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қаупсіздігі » мамандығы білімгерлерімен Нур мейірбикелік күтім үйінде қайырымдылық іс-шара ұйымдастырды. Бұл үйді құру идеясын іске асырушы және директоры Нургалиева Роза Нускакбаевна (КазМУдың түлегі). Ардагерлерге киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, кешкі ас тағамдары, кіші-гірім сыйлықтар таратылды. Қариялар біздің келуімізді жылы қарсы алды. Жастарының ұлғайғанына қарамастан, кафедра меңгерушісі Ш.А. Муздыбаеваның біздің университет туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. 90- ға келген осы мекеменің емделушісі Смолина Анастасия Николаевна мен тілдескеніміз біздерге ерекше әсер қалдырды. Партия қызметкері, инженер, 75 жасында өлең шығара бастаған (әңгімесін видеоға жазып алуды жөн көрдік).

Біздің ойымызша, бұндай кездесулер білімгерлер үшін өте зор тәрбиелік роль атқарады. Кем-тар адамдарға ( өз айналасындағы жақындарынан басқаға да) айаушылықпен қарауды үйретеді. Кездесу біздерге де ой тастады...

Кезінде қоғамның белсенді мүшелері болған, бүгінде өмірдің тәлкегіне ұшырап, жалғыздықтың, ауыру –сырқаудың машақатын көріп отырған, сырт әлпеттері сүйкімді, интеллегентті кісілерді көргенде іштей ойландық: өз аяғымызбен жер басып, бала-шағамыздың, жақын-жуықтың жылы ортасында жүргенімізге, өз кәсібіміз әлде де қоғамда сұранысқа ие екеніне тағдырымызға риза болуымыз керек екен.

Ф.Утегалиева , ҒЖП кафедрасының аға оқытушысы.