Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры ҚазИТУ-дың жаңа стратегиялық даму жоспары талқыланды.
01 ақпан 2020                  318712
ҚазИТУ-дың жаңа стратегиялық даму жоспары талқыланды.

28 қаңтар 2020 жыл Ректорат отырысында жиын өтті. Жиынға университет басшылығы, департамент директорлары, кафедра меңгерушілері,профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылар және жұмыс берушілердің өкілдері қатысты. Жиын барысында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің алдағы жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары талқыланып, университеттің 2020-2025 жаңа стратегиясына сәйкес қайта қаралған білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар қаралды. ҚазИТУ ректоры Г.А. Сарсенбекова 2019 жылға университет алдына қойылған стратегиялық жоспарды 100%-ға орындалғанын қуанышпен жеткізіп, ұжымға алғыс білдірді. Ендігі мақсат- жаңа сапалық келесі кезең. Ол кезеңге өту үшін алға қойылатын мақсат-міндеттерімізді айқындап, университеттің жаңа даму стратегиясын жасауымыз керек. 2020-2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің даму стратегиясына сай , оқу орынының ең бірінші негізгі мақсаты- елдің әлеуметтік, экономиялық және мәдени ақуалын жақсартуда қызмет ететін мемлекеттің бірден-бір құрамдас бөлігі екендігін айтты. Жиынға қатысушы ғылым докторлары Ахмедяьрова М.В, Тинасилов М.Д, Муздыбаева Ш.А жаңа стратегиялық даму жоспары бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Олардың айтуынша университетке инновация ұғымын қолдану үшін мықты ғылыми орталық болу ашылу, және ғылымды дамыту үшін ғылыми институттармен бірге нәтижелі жұмыс атқару керектігін айтып өтті. Шет елдік университеттермен серіктестікті күшейтіп, тәжірибе алмасу маңыздылығына тоқталды.