Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры "Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізілді
05 ақпан 2020                  318747
"Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында дәріс өткізілді
2020 жылдың 05 ақпанында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері» атты кездесу-жиыны өтті. Кездесу барысында, Бостандық аудандық ішкі істер бөлімнің полиция майоры Әлімбекова Әсел Мергенбайқызы қазіргі таңдағы қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, қылмыстың өсуіне жол бермеуіне жұмыс жасалынып жатқанын айтып жеткізді.

Бүгінгі таңда жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отырғандығы жайлы және тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескертіп, бұл аса өткір мәселе екендігін түсіндірді. Студенттер тарапынан, шақырылған қонаққа, тақырыпқа байланысты сұрақ қойылып, қанағаттанарлық жауап алынды.