Главная Новости «Әл-Фараби шығыс пен батыс арасындағы алтын көпір» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
20 мамыр 2020                  318782
«Әл-Фараби шығыс пен батыс арасындағы алтын көпір» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

20 мамыр Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби шығыс пен батыс арасындағы алтын көпір» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Әл-Фараби орталығының директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы және университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын алғы сөзбен ашқан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сарсенбекова Әл-Фараби 1150- жылдық мерейтойы қарсаңында университетімізде Фарабитану мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу, оларды жастарға оқыту, насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы мазмұнды ақпарат берді.

Әл-Фараби орталығының директоры Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы мерейтой барысында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берді.