Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Колледж түлектерімен онлайн кездесу өтті
31 мамыр 2020                  318782
Колледж түлектерімен онлайн кездесу өтті

27.05.2020 ж. сағат 14-00де «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Туризм және қонақжайлылық индустриясы» колледжінің түлектерімен онлайн кездесу өтті. Кездесуге колледждің биылғы 90 астам түлектері қатысып, ҚазИТУ жөнінде толық мәлімет алды. ҚазИТУ ректоры Сәрсенбекова Г.А. колледж түлектерін қүттықтай отырып, университеттің оқу бағдарламасымен жан-жақты таныстырды. Проректор Д.Б. Ақпанбетов университеттің болашақ жоспарларымен таныстырып, түлектердің қызығушылығын арттырды.

Кездесуге қатысқан түлектер соңынан сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.