Главная Новости ҚазИТУ-ға қош келдің!
05 қыркүйек 2020                  318794
ҚазИТУ-ға қош келдің!

Жаңа оқу жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті үшін табысты басталды. Себебі өткен жылдармен салыстырғанда ҚазИТУ мен бірге болашаққа қадам басқысы келетін білімге құштар жастар саны артып келеді. Биылғы жылы мемлекеттік және облыстық грант иегерлері, «Алтын белгі» иегерлері, түрлі облыстық, республикалық, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары университетімізді таңдады. Және бүгінгідей төтенше жағдай кезінде 100-ге жуық студентке 5-100 пайыз аралығында оқу ақысына жеңілдіктер беріліп, әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Оқу жылы басталысымен әр кафедра бойынша эдвайзерлік сағаттар болды. Кафедра меңгерушілері университетімізге жаңа қадам басқан студенттерімізді «Білім күнімен» құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Эдвайзерлер өз топтарына білім беру бағдарламасымен, қашықтықтан оқу жүйесімен, студенттік ұйымдармен таныстырды. Онлайн жиын барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.