Главная Новости Алматы менің жүрегімде
19 қыркүйек 2020                  318805
Алматы менің жүрегімде

Жақсы екен ғой Алматым,
Алтын үйек астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.

Келдім сені сағынып,
Алтын ұям - Алматым.
Кең көшеңде басар нық
Мен бір ақын солдатың, - деп, Қасым Аманжолов жырлаған өлең жолдарын арнай отырып, шексіз кең даламен шектескен, әсем көркіне талай адам тамсана қараған Алматыдай әдемі шаҺарымыз бар. Талай адамның аңсаған армандарын ар¬ман¬ға жалғайтын да осы – Алматы. Ал-маты арман қала… Арман¬дардың орын¬далатын құтты мекені десек те болады. Заңғар Алатауымен, адам жанына жайлы нәзік табиғатымен есте қалатын Алматы, бүгін де кез келген адамның жү¬рек түкпірінен жылы орын алған қала кімді де болса тамсандырмай қоймайды. Аспанмен таласқан ұшар басы сұлу қыз¬дың сәуке¬лесіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген алып шыңдар, сұлу қыздың әсем күлкісіндей сыңғырлай аққан бұлақ¬тар, әсем әнімен жаныңды тербететін самал жел Алматыны одан сайын көркем етіп тұрғандай.

Алматы өз ішінен асып-тасып, қайнап жатқан үлкен қала. Адамдар бұл қалада толассыз қозғалыста, бір-бірімен жарыса өмір сүруде. Көлік қозғалысы, күнделікте кептелістер алматылықтар үшін қалыпты жағдай. Уақыт сырғып, сағаттар жылжып, өтіп жатыр. Осы әсем қаламыздың қақ төрінде, көркіне көз жетпес биік тауларының баурайында орналасқан Қазақстан инженерлік-технологилық университетінің колледжінде де қазаны өз ішінде қайнап жатыр. Түрлі мамандық иелерін оқытып, білім нәрімен сусындатып, қаламыздың, еліміздің көркеюіне үлес қосуда. Әр студент өз ісінің маманы, болашақта өз жолын тапқан тұлға болып қалыптасулары үшін колледж ұстаздары мен ұжымы ат салысуда.

«Туған жердің түтіні ыстық» демекші, өнер мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің ошағына айналып, талай жастың көкірек көзін ашып, талантты тау тұлғаларды тәр биелеген, алақанға салып әлдилеген – Алматы. Қала күні құтты болсын!