Главная Новости Ай сайынғы үрдіс бойынша «Ректорлық сағат» өтті
24 қазан 2020                  318845
Ай сайынғы үрдіс бойынша «Ректорлық сағат» өтті

24 қазан 2020 Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде ай сайынғы үрдіс бойынша «Ректорлық сағат» яғни, оқу ордамыздың ректоры, Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызымен студенттердің онлайн кездесуі өтті. Кездесуге, студенттермен қатар оқу ісі жөніндегі проректор, офис-регистратор, қашықтықтан білім беру және жастар саясаты департаментінің директорлары, оқытушы-профессорлар құрамы, құрылымдық бөлім басышылары қатысты.

Кездесудің мақсаты – қашықтықтан білім алып жатқан студенттердің жалпы жай-күйімен танысу, оқу үрдісіндегі, жалпы студенттік өмірдегі жан-жақты сұрақтарды шешіп, ұсыныстарды қарастыруға бағытталған. Кездесуді ашқан университет ректоры өз сөзінде университеттің қарқынды дамып келе жатқандығын, университеттің дамуында студенттердің үлесі зор екендігін, адам өмірінің ең жақсы кезі студенттік өмірдің қызықтары жайлы айтып өтті.

Одан әрі кездесу студенттерден келген сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берумен жалғасты. 2-сағатқа созылған кездесу барысында студенттер мен ата-аналардан 100- ден астам сұрақтар мен ұсыныстар келді. Университет ректоры және құрылымдық бөлім басшылары өздерінің құзіреттеріне қатысты сұрақтарға толықтай әрі нақты жауаптар берді. Бұл кездесуде жиналған студенттер де көкейкесті мәселелерін емін-еркін ортаға салуға мұмкіндік алды.

Университет басшылары барлық сұрақ қойған студенттермен тікелей байланыс орната отырып, кейбір мәселелердің орындалу мерзімін көрсетіліп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырмалар берілді.

Сөз соңында Г.Әлібекқызы студенттерге оқуда сәттілік тілеп студенттердің ұсыныстары мен тілегі университет дамуы үшін өте маңызды екендігін және алдағы уақытта да сұрақтар мен мәселелер уақытылы қаралып жауап берілетіндігін атап өтті.

Студенттік баспасөз қызметі