Главная Новости Сыбайлас жемқорлық - індет, оны жою-міндет!
26 қазан 2020                  318960
Сыбайлас жемқорлық - індет, оны жою-міндет!

ҚазИТУ колледжінде 2020 жылдың 26 қазан күні «Сыбайлас жемқорлық - індет, оны жою-міндет!» тақыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Төленді Олжас Маратұлы, арнайы пәндер оқытушысы Бектұрған Үміт Құрышбекқызы, қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Тәкен Қарақат Қуанышқызы, қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Исатай Арайлым Махажанқызы мен 1,2,3,4 курстарының 250 жуық студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты:

  • білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтірілген зияндарын және ұлт болашағына қауіпті екенін түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыпстастыру;
  • азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқыланды.

Талқылау барысында білім алушы сыбайлас жемқорлық демократия мен құқықтық тәртіпті әлсіретеді, бұл адам құқықтарының бұзылуына алып келеді, нарықтық тетіктерді бұрмалайды, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және халықаралық қауіпсіздіктің басқа да қауіп-қатерлеріне ықпал етеді деген пікірге келді.

Бұл қауіпті құбылыс барлық елдерде — үлкен және кіші, бай және кедей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет.