Главная Новости «Жұқпалы аурулар туралы не білеміз?» тақырыбында ақпараттық дәріс
21 қазан 2020                  318851
«Жұқпалы аурулар туралы не білеміз?» тақырыбында ақпараттық дәріс

2020 жылдың 21 қазан күні онлайн форматта ҚазИТУ колледжінде  «Жұқпалы аурулар туралы не білеміз?» ақпараттық дәрісі өткізілді. Дәріс мақсаты: тұмаудың, ЖРВИ және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алды алу, осы ауруларға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Кездесу барысында  маман ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу әдістері жөнінде айтып берді. Сонымен қатар, маңызды презентациялар мен видеороликтер көрсетілді. Қатысушы барлық студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап ала алды.

Дәрісті жоғары санатты дәрігер, ТОО «Макиза» жанындағы «Асмед 2» медициналық орталығы «Жастар денсаулығы орталығының» қызметкері Молдажарова Несібелі Ержанқызы оқыды.