Главная Новости «Әлемдік індетке айналған COVID – 19 коронавирустан сақтану» тақырыбында ақпараттық дәріс
09 қазан 2020                  318862
«Әлемдік індетке айналған COVID – 19 коронавирустан сақтану» тақырыбында ақпараттық дәріс

2020 жылдың 9 қазан күні онлайн форматта ҚазИТУ колледжінде  «Әлемдік індетке айналған COVID – 19 коронавирустан сақтану» ақпараттық дәріс өткізілді. Дәріс мақсаты: студенттерді санитарлық эпидемиологиялық тәртіпті сақтау ережелерімен таныстыру және індеттің таралуының алдын алу шараларын түсіндіру. Кездесу барысында COVID – 19 коронавирусының шығу тарихы, індеттің аса қауіпті екедігі туралы айтылды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміздегі ақуал және індетпен күресу жолындағы атқарылып жатқан шаралар атап өтілді. Қатысушы барлық студенттер көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, нақты жауап ала алды.

Дәрісті жоғары санатты дәрігер, ТОО «Макиза» жанындағы «Асмед 2» медициналық орталығы «Жастар денсаулығы орталығының» қызметкері Молдажарова Несібелі Ержанқызы оқыды.