Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студенті халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан жеңіспен оралды
13 сәуір, 2017                  318759
ҚазИТУ студенті халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан жеңіспен оралды
2017 жылдың 12-сәуір айында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде «Шахмардан Есеновтің ғылыми мұралары» атты халықаралық ғылыми-практикалық студенттер конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты - студенттердің ғылыми-ізденіс және оқу-танымдық қасиеттерін дамыту.

Аталмыш конференцияға ӘГП кафедрасының меңгерушісі Г.Ә.Сәрсенбекованың қолдауымен, аға оқытушы М.М.Чаяхметованың жетекшілігімен «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 1 курс студенті С.Мадьярова қатысып жүлдемен оралды.

Конференция «Білім мен ғылым – қазіргі кезеңдегі қоғамды дамытудың негізгі факторы» секциясында ұйымдастырылды. Алматы қаласының бірнеше университетінен келіп қатысқан студенттер арасындағы бұл ғылыми конференция олардың білімі мен шығармашылық ізденістерін шыңдай түсті.

Білімін көпшілік алдында ғылыми тұрғыда көрсете білген С.Мадьяроваға алдағы уақытта биік белестерден көрінуіне ниет білдіреміз!