Главная Новости ҚазИТУ ұжымы жұмыс орнында дене жаттығуын жасау бастамасын қолдайды.
08 желтоқсан 2020                  318791
ҚазИТУ ұжымы жұмыс орнында дене жаттығуын жасау бастамасын қолдайды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұжымы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 28 қазандағы бұйрығы бойынша, денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұжымы қызметкерлер арасында дене жаттығуын өткізу туралы бастамаға қолдау білдірді. Бұйрыққа сәйкес дене жаттығуымен шұғылданудың үлгілік қағидалары бекітілген.Бұл ережелер «Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс негізінде қабылданды. Ережеге сәйкес, дене шынықтыру жаттығулары жұмыс күнінің бірінші жартысында орындалып, ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы тиіс. Университет қызметрелері күн сайын әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып дене жаттығуларын жасауда. Ол үшін дене шынықтыру пәні оқытушыларының нұсқаулығымен түсірліген видео роликтер әзірленген. Бұл дене жаттығуының жиынтығы бар видео роликтер әр 3-4 апта сайын өзгертіліп отырады.

«Күні бойы бір орында тапжылмай отырып, жұмыс істеу денсаулыққа кері әсерін де тигізеді. Ал гимнастикалық жаттығулар қан айналымын жақсартып,көңіл-күйді көтереді. Сол үшін күнделікті жаттығуға уақыт бөлу өте дұрыс бастама»- дейді қызметкерлер.

Студенттік баспасөз қызметі