Главная Новости ҚазИТУ колледжінде онлайн дөңгелек үстел өтті
23 желтоқсан 2020                  318874
ҚазИТУ колледжінде онлайн дөңгелек үстел өтті

23.12.2020 ж. күні ҚазИТУ колледжінде «Техникалық және кәсіби білім беру бағдарламалары, технологиялық мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттар» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Семинарға колледж оқытушылары қатысты. Семинар қонақтары: «Қазақстан тағам кәсіпорындары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Сабралиева Марина Дуйсенгалиевна, ЖШС «Carlsberg Kazakhstan» компаниясының инженері Багодюк Роман Александрович және ЖШС «Tal» мейрамханасының бас аспазы Абдыев Азамат Маратович.

Кездесу барысында колледж директоры Шалабаева Майра Хұсаинқызы ТжКБ білім беру жүйесінде алдымыздағы жылы енгізілетін өзгерістер мен жаңалықтарды айтып, қазіргі таңда қоладынстағы типтік бағдарламалардағы арнайы пәндердің мазмұнына жұмыс берушілердің сұраныстары және қажеттіліктеріне сәйкес мамандықтар каталогы жасақталып жатқандығы туралы хабарлады. Ал кездесу қонағы Сабралиева Марина Дуйсенгалиевна «Тамақ өнеркәсібі» бағыты бойынша салалық біліктілік шеңбері және кәсіптік стандарттармен таныстырып өтті. Жұмыс берушілер тарапынан қатысқан қонағымыз Богадюк Роман Александрович 1223000 - «Сыра, алкогольсыз және спиртті ішімдіктер өндірісі» мамандығы бойынша кейбір арнайы пәндердің болашақта қажет емес екендігін жетізіп, өз ұсыныстарын ұсынды. Осы орайда Абдыев Азамат Маратович 1226000 - «Тамақтандыру мекемелері тағамдарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша арнайы пәндерге өзгерістер енгізіп, жаңашаландыру жұмыстарын жүргізу керектігін тілге тиек етті. Жалпы айтқанда, жұмыс берушілердің ең басты ұсыныстары: теориялық сабақтардың сағат санын азайту, арнайы пәндерді қазіргі заманға сай білім беру бағдарламасын әзірлеу және студенттер өндірістік тәжірибесінен өту барысында арнайы пәндердегі теорияларын толық пайдалана алуы.

Кездесу соңында колледж оқытушары жұмыс берушілерге өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала алды. Колледж директоры М.Х.Шалабаева дөңгелек үстелге қатысушыларға ұжым атынан Алғысын білдіріп, қорытындылады.