Главная Новости Заманауи желі технологиясы негіздері
15 наурыз 2021                  318936
Заманауи желі технологиясы негіздері

ҚазИТУ колледжінің оқытушылары мен студенттері арасында "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығы бойынша "Заманауи желі технологиясы негіздері" тақырыбында лекция оқылды. Колледждің арнайы пәндер оқытушысы Бағлан Шахапұлының ұйымдастыруымен өткен дәрісті Қазақстан бойынша ең жас эксперт Network Engineer ICT Expert HCIE R&S Азат Жанқожа жүргізді.

Дәріс барысында, мамандық бойынша студенттерге шетелдік компанияларға (CISCO, HUAWEI, JUNIPER, MIKROTIK) қалай жұмысқа орналасуға болады және ол үшін қандай сертификаттар қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, HUAWEI компаниясын таныстырып, онда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, студенттерге мағлұмат беріп өтті.

Кездесу соңында Азат Жанқожа мамандыққа байланысты кітаптардың электронды түрін сыйға тартып, HUAWEI компаниясынан студенттер тегін тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинай алатындығын айтты. Студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.