Главная Новости Студенттер арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өтті
13 сәуір 2021                  318938
Студенттер арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өтті

Өскелең ұрпақтың бойына қазақылық пен отанға деген патриоттық сезімді, тәрбие мен үлгі-өнегені, отбасылық құндылықтар мен бабалар сөзін жеткізу, бойына сіңіру мақсатында ҚазИТУ колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.М. Исатай 1-курс студенттерінің арасында мақал-мәтелдер мен жұмбақ шешуден «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты сайыс өткізді.

Елімізде болып жатқан эпидемиялық жағдайға байланысты сайыс онлайн форматта, ZOOM платформасында, «Kahoot» бағдарламасы арқылы өткізілді. Аталмыш сайыс ІІ айналымнан тұрды:

І. Мақал-мәтелдерді жалғастыр;

ІІ. Жұмбақты шеш.

Сайыс барысында студенттер жылдам әрі тез жауап беру арқылы ұпай жинап, сол жинаған ұпай бойынша қорытынды шешім шығарылды.  «Мақал-мәтелдерді жалғастыр» айналымынан 1-орын ақылы бөлім «Құқықтану» мамандығының студенті Айтынбай Нұрсаяның қанжығасына байланса, ал 2-орынға «ТМКӨТжОҰ» мамандығының студенті Рашид Анеля, 3-орынға ақылы бөлім «РжБ» мамандығының студенті Сарсенбай Диас ие болды.

ІІ айналым бойынша 1-орынды ақылы бөлім «ЕТжБҚЕ» мамандығының студенті Хапез Досбол, 2-орынды «ТМКӨТжОҰ» мамандығының студенті Рашид Анеля, 3-орынды «ТМКӨТжОҰ» мамандығының студенті Хамит Қымбат иеленді.

Белсенділік танытып қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіреміз!