Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры "Физика және ғарыш" интеллектуалды ойын
17 сәуір 2021                  318903
"Физика және ғарыш" интеллектуалды ойын

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 12-сәуір «Ғылым қызметкерлерінің күні» және «Ғарышкерлер күніне» орай «Физика және ғарыш» атты студенттер арасында интеллектуалды сайыс өтті. Онлайн форматта өткен сайысқа эдвайзерлер, Жастар саясаты және кәсіби бағдар беру департаменті мамандары, студенттер мен мектеп түлектері қатысты. Мақсаты: Студенттердің интеллектуалды мәдениетін арттыру, физика курсынан алған білімдерін зерделеу, ғарыш мекеніне деген қызығушылығын ояту және студенттердің ой-өрістерін дамыта отырып,іскерлік,ептілік қабілеттерін қалыптастыру.
Интеллектуалды ойынның ұйымдастырушысы «Жаратылыстану және ғылыми пәндер» кафедрасының физика пәнінің аға оқытушысы Б.Барменкулова «Ғылым қызметкерлерінің күнімен» және «Ғарышкерлер күнімен» құттықтап, ойынға қатысушы топтарға сәттілік тіледі. Ойын басталмас бұрын студенттер ғарыш туралы ақпараттар беріп, презентацияларын көрсетті. Қатысушы студенттер «Галактика» және«Космос» деп 2- топқа бөлініп, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.
Ойын 3 кезеңнен тұрды. І-кезең- Сұрақ-жауап, ІІ-кезең- Сәйкестендіру, ІІІ-кезең- «Бұл фокус емес, бұл физика».
І-кезең бойынша топ студенттері физикаға және ғарыш саласына байланысты интеллектуалды сұрақтарға жауап берді.
2-кезеңде сәйкестендіру тапсырмасын орындады.
3-кезеңде студенттер тәжірибе көрсетіп, физикалық құбылысты сипаттады.
Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша «Космос» тобы жеңіске жетіп, мақтау қағаздары берілді.
Сонымен қатар Жастар саясаты департаментінің маманы М.Батай жеңімпаз топты құттықтап, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді. Және мектеп түлектері қатыстан ойында кәсіби бағдар беру мақсатында кәсіби бағдар беру маманы Ж. Шегебаева университетті мектеп түлектеріне таныстырып, біздің университетімізді таңдауға шақырды.