Главная Новости «Помологиялық бақты қайта дамыту»: генофонд және болашақ селекциясы» атты дөңгелек үстел отырыс ұйымдастырылды.
05 мамыр 2021                  318924
«Помологиялық бақты қайта дамыту»: генофонд және болашақ селекциясы» атты дөңгелек үстел отырыс ұйымдастырылды.

Алматы облысы Талғар ауданы Алмалық ауылында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Помологиялық бақты қайта дамыту»: генофонд және болашақ селекциясы» атты дөңгелек үстел отырыс ұйымдастырылды. Бақшаны қалпына келтіру, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің шетелдік және отандық селекциясының гендік қорын сақтау және кеңейту проблемалары мен тетіктерін сараптамалық талқылауға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сарсенбекова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар питомниктің негізгі проблемаларын және көпжылдық дақылдардың гендік қорын сақтаудың әлемдік тәжірибесін талқылады, помологиялық бақшаны жандандыру бойынша іс-шаралар жоспарының тұжырымдамалық бағыттарын анықтады, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі мәртебесін беру туралы қолдаухат жобасын дайындады.

Арнайы дөңгелек үстел жұмысында ҚР Бірінші Премьер-Министрі, «Жүзім, жаңғақ, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілердің Қазақстандық Қауымдастығының» президенті Терещенко Сергей, «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің» директоры Султанов Азат, ҚР парламент мәжілісінің депутаты Смирнова Ирина, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының» басқарма төрағасы Исаева Гүлмира сөз сөйлеп, көтерілген мәселенің жіті қаралатынын, баққа ерекше мәртебе бере отырып, мекеменің түгендеу жүргізу, жоғалған сорттарды қалпына келтіру, invitro генофондын ұлғайту, бақша коллекциясын 7 мың сортқа дейін кеңейтуге мүмкіндік беруге болатын мүмкіндіктерді қарастыру жайында өз пікірлерін білдірді. «Бүгінде институт ғалымдары отандық және селекцияның бағалы сорттарын, жеміс- жидек дақылдарын, жүзімнің гендік қорын сақтауда аянбай еңбек етіп келеді. Бірақ ғалымдардың күш салғанына қарамастан бұл мәселе әлі де өзекті. Алматы облысы Талғар ауданындағы Помологиялық бақта өткен бұл шара саланың үздік мамандарының басын қосып, аталған мәселені шешу жолдарын айқындауда маңызды болды деп есептеймін.»-дейді Гүлнар Әлібекқызы дөңгелек үстел жұмысы жайында. Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институының жұмысына сәттілік тілей отырып,сапалы мамандар даярлаудағы ынтымақтастығымыз арта берсін дейміз!