Главная Новости ҚазИТУ колледжінің студенттері мерекемен құттықтады
9 мамыр 2021                  318897
ҚазИТУ колледжінің студенттері мерекемен құттықтады

9 мамыр – Ұлы жеңіс күніне орай ҚазИТУ колледж студенттері ҰОС ардагерлерін онлайн құттықтап, өз алғыстарын білдірді. 1-курс студенті Ерланқызы Құралай Алматы облысында тұратын ҰОС ардагері Қаңтарбай Сәрсенбай атамыздың үйіне барып құттықтап, сұхбаттасып қайтты. Қ.Сәрсенбай майданға 1942 жылы 18 жасында кеткен екен. Майдандағы ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен марапатталған.

«7 мамырда 97 жасқа толдым. Соғыс жылдарында аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлымен бір гвардияда болдым. Ол кезде мен Жеңістің 76 жылдығын көремін деп ойлаған да жоқ едім. Бүгінде балаларымды өсіріп-жеткіздім, қазір 25 немерем, 45 шөберем бар. Жастар, Отанды қорғауға әрдайым дайын болыңдар, туған елді сүйіңдер, патриоты болыңдар! Қазір біз жақсы кезде өмір сүріп жатырмыз. Елбасына, Президентімізге біз сияқты ардагерлерге көрсетіп отырған қамқорлықтары үшін шын жүректен ризамыз. Ең бастысы бәріңізге мықты денсаулық тілеймін. Мереке құтты болсын!» - деді ардагер өз сұхбатында.

Сонымен қатар студенттеріміз құттықтау видеоларын әлеуметтік желілерге жүктеп, Отан қорғаушы ер-азаматтарымызды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.