Главная Новости Колледж студенттері «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді
11 мамыр 2021                  318862
Колледж студенттері «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде ҚазИТУ колледжі студенттері «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі екені анық.

Осыған орай, ҚазИТУ колледжінің Жастар ісі комитетінің «Helpery» қайырымдылық клубының еріктілері ораза айында «Кең болсаң, кем болмайсың» деген атпен қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

«Helpery» қайырымдылық клубы еріктілерінің қайырымдылық іс-шаралары алдағы уақытта мұқтаж жандарға көмек көрсетпек және өз жұмысын белсенді жалғастырмақ ниетте. Игі істер атқарып жүрген студенттерімізге ұжым атынан алғысымызды білдіреміз!