Басты бет Оқытушылар Нургалиева Рахиля Турсынжановна

Нургалиева Рахиля Турсынжановна


Лектор
«Инженериядағы smart технологиялар» кафедрасы

Техника ғылымдарының магистрі

email: nurgalieva.r@kazetu.edu.kz


Кәсіби тәжірибе

  • 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап Нургалиева Рахиля Турсынжановна Азаматтық авиация академиясына ассистент-оқытушы қызметіне қабылданды. 2004 жылдан 2014 жылға дейін Азаматтық авиация академиясында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.
  • 2014 жылдан 2017 жылға дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Физика-техникалық факультетінің "плазма физикасы және компьютерлік физика" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 
  • 2017-2019 жылдары М. Тынышбаев атындағы ҚазККА "Электроэнергетика" кафедрасында аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 
  • 2019 жылдан бастап ҚазИТУ-да аға оқытушы, лектор болып жұмыс істейді.

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ:

  • 2019ж. "білім беру сапасын арттыру үшін білім беру ортасында қолданылатын инновациялық технологиялар" тақырыбындағы курстар, Consulting Company, Алматы қ.
  • 2019ж. "СТ РК ISO 9001-2016 және СТ РК ISO 50001-2012 талаптары негізінде ұйымда қолданылатын біріктірілген менеджмент жүйесін жақсарту. ISO 19011 талаптарының негізінде ішкі аудиторларды дайындау" тақырыбы бойынша теориялық дайындықтан өтті. Қазақстандық сапа менеджменті академиясы, Алматы қаласы.     
  • 2019ж. web-бағдарламалау курстары, CODEGURU, Алматы қ.
  • 2021ж. "Автоматты басқару жүйелерінде қолданылатын заманауи цифрлық реттегіштер" тақырыбындағы курстар, "Ханиуэлл-АСУ" ЖШС, Алматы қ.
  • 2022ж. "Fundamentals of Management" курстары, University of California Irvine, USA

ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

  • 2020 жылдан бастап "Автоматтандыру және басқару"білім беру бағдарламасының үйлестірушісі
  • Оқытушы болып жұмыс істеген кезеңде ҰБТ және ТКТ өткізу жұмыстарына қатысты.
Білімі

1992 - 1996 О.А. Жаутіков атындағы Республикалық физика-математика мектеп-интернаты. Орта білім туралы Аттестат.

1997 - 2002 Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Электр жетегі және технологиялық кешендерді автоматтандыру. Біліктілігі: инженер-электромеханик.

2002 - 2003 Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.. "553550 - Электрондық техника" мамандығы бойынша магистр.

Ғылыми қызығушылықтары

Өзіндік зерттеу жобалар:

  • Синхрондау қабілеті жоғары көп қозғалтқышты асинхронды электр жетегі
  • Жоғары тиімді синхронды электр жетегі


Жарияланымдар

Р.Т. Нургалиева, Т. Н. Қабдоллаева "Түрлі әзірлемелердің бұлтты технологияларын талдау", "Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы Алматы, сәуір, 2021.

Оқылатын пәндер


Сабақ кестесі

Ашық сабақтар