Басты бет Оқытушылар Игілік Мейірілім Игілікқызы

Игілік Мейірілім Игілікқызы


Лектор
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы

Педагогика ғылымдарының магистрі

email: meirlym@mail.ru


Кәсіби тәжірибе

8 жыл

2015-2016 жж. ҚР БҒМ Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтында «Қазақ тілінің ұлттық корпусын құрастыру және әзірлеу» атты
мемлекеттік тапсырманың орындаушысы ретінде аға лаборант қызметін
атқарды.
2017-2018 жж. ҚР БҒМ Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтында «Қазақ жазуын латын графикасы негізінде жаңа ұлттық әліпбиге
көшіру» атты іргелі ғылыми-зерттеу жобасының орындаушысы және
«Терминология» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері лауазымын атқарды.
2017-2018 жж. ҚР БҒМ Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институтында Лингвистика мамандығы бойынша магистратура, докторантура
бөліміне жауапты куратор-эдвайзер қызметін атқарды.
2018 - 2022 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім
беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында оқытушы қызметін
атқарды.

2023ж. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер және әлем тілдері кафедрасында лектор қызметін атқаруда.

 

Білімі

2011 - 2015 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. филология факультеті: 5В011700- «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі, филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы біліктілігімен бітірді..

2015 - 2017 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. филология факультеті, 6М021300 – «Лингвистика» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесімен үздік дипломмен бітірді..

2019 - 2022 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. филология факультеті, «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының PhD докторы..

Ғылыми қызығушылықтары

1. Қазақ тіліндегі символдардың этномәдени сипаты

2. Кәсіби тілдік тұлғаның когнитивтік-коммуникативтік аспектісі

3. Қазақ фольклорындағы топонимкалық мотивтер мен сюжеттер: жалпы сипаты, аймақтық ерекшеліктері (Шығыс Қазақстан аймағы материалдары негізінде)



Жарияланымдар

 Абай шығармашылығындағы діни дискурс. Ұлттық Ғылым aкaдeмияcының «Xабаршысы», Қoғaмдық жәнe гумaнитaрлық ceрияcы No 3, 2017.151-157 беттер

Кәсіби тілдік тұлғаның тіл білімінде зерттелуі. «XXI ғасыр филологиясының өзекті мәселелері» атты xaлықaрaлық ғылыми–тeoриялық кoнфeрeнция. ҚaзҰУ.Тілдік талғам, сән
және әлеуметтік өзгерістер. 2017.167-172 беттер

Кәсіби тілдік тұлғаныңпсихолингвистикалық ерекшеліктері. «А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: зерттеу, жүйелеу, насихаттау» xaлықaрaлық ғылыми–теориялық кoнфeрeнция. A. Бaйтұрcынoв aтындaғы Тiл бiлiмi инcтитуты. 308-314 беттер.

Кәсіби тілдік тұлға категориясы. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты. «Тілтаным» журналы.

Қазақ фольклорындағы «жалмауыз кемпір» образы КазНУ хабаршысы No 1 2020ж 171-176 беттер.

Мифтік танымның символдық мәні. «Абай тұлғасы:ұлттық руханият және әлемдік өркениет» халықаралық ғылыми практикалық конференция. Ш.Уалиханов атындағы КГУ. 2020

Салалық терминологиядағы кәсіби тілдік тұлға ұғымының пәнаралық сипаты. Ш.Уалиханов атындағы КГУ хабаршысы No 2 2020 ж (ККСОН) 

Абай қара сөздеріндегі діни ілімдер «Абай шығармашылығы әлемдік әдебиет пен мәдениет аясында». Халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция материалдары (Алматы қаласы, 20 қазан 2020 жыл) (МНК) 5-б 2020


Қазақ фольклорындағы топонимикаға байланысты аңыздар (Шығыс Қазақстан өңірінің жер-су атаулары негізінде). Абай атындағы ҚазҰПУдың «Хабаршы-Вестник (Филологиялық
ғылымдар сериясы)» No 4, 2020 ж (ККСОН) 7-б 2020

 

Оқылатын пәндер


Қазақ (орыс) тілі

Қазақ (орыс) тілі пәні тілдің стилдік, нормалық функционалды және стилдік стратификациясының құрылымын зерттейді, студенттердің кәсіби және коммуникативті дағдылары мен қабілеттерін дамыту және жетілдіру мақсатында ғылыми стиль ерекшелігін қамтиды, студенттерге ғылыми стиль негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ мәтінге құрылымдық- семантикалық талдау жасайды және білім беруде ғылыми мәтіндердің жазу дағдыларын қалыптастырады: жазбалар, рефераттар, аннотациялар, эссе, шолу

Сабақ кестесі

Ашық сабақтар