ҚР ҒЖБМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы қатыса алады.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
2024 жылдың 1-15 қарашада жоғары оқу орындағы кезең;
2024 жылдың 18 қарашадан республикалық кезең.
Конкурсқа құжаттар https://universitycontest2024.iac.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.
Бақылау күндері:
1 - 7 қараша 2024 жылы – ҚР ҒЖБМ АЖ-ға үміткерлер құжаттарды толық жүктеу;
8 - 10 қараша 2024 жылы – сараптама тобының жұмысы;
11 қараша 2024 жылы – сараптама тобының шешімін сайтта жариялау;
12-13 қараша 2024 жылы – үміткерлердің өтініштерін апелляцияға ұсыну және апелляция комиссиясының жұмысы;
14 қараша 2024 жылы – университет ішілік комиссия отырысында құжаттарды іріктеу және «ЖОО Үздік оқытушысы» конкурсының 2-ші республикалық кезеңіне үміткерлердің құжаттарын (ҚР ҒЖБМ) өткізу.
Ескертпе: Үміткерлер және жауапты тұлғалар көрсетілген мерзімді ескерулері қажет. Байқауға қатысушылардың ақпаратын жедел алу үшін https://chat.whatsapp.com/FaWmLWOJpAYK7OlwwvwxUd сілтеме бойынша WhatsApp тобына қосылуға шақырамыз
Байқауға тіркелу 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап https://universitycontest2024.iac.kz/ сілтеме арқылы жүзеге асырылады
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы – «Әділет» АҚЖ (zan.kz) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506