Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің оқу- әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізетін оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми-педагогикалық, оқу-тәрбие және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Танымдық методология, ұлттық мәдениетпен, әлеуметтік-саяси қозғалыстармен, қазіргі заманның жаһандық проблемаларымен тұрақты хабардар болып отырады. Оқу үрдісінде оқытушылар оқытудың инновациялық әдістерін кеңінен қолданады. Кафедрада 1 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 2 доктор PhD, 8 магистр жұмыс істейді. Кафедра оқытушылары тарих, мәдениеттану, педагогика, психология, әлеуметтану, филология, философия бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Кафедра қызметі жылдық жұмыс жоспарына сәйкес келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- білім беру үдерісін оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
- әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары;
- ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысы;
- студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- студенттермен тәрбие жұмысы.
Кафедрада келесі пәндер оқытылады:
- Қазақстан тарихы;
– Қазақ тілі
- Орыс тілі
- Ағылшын тілі
- Әлеуметтану;
- Саясаттану;
- Философия;
- Мәдениеттану ;
- Дене шынықтыру;
- Философия тарихы мен ғылымы
(магистратурада)
Кафедра жыл сайын Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады. ПОҚ шеберлік сабақтарына, семинарларға, біліктілікті арттыру курстарын дайындауға және ұйымдастыруға қатысады. Кафедра базасында студенттер үшін ағылшын тілі курстары жұмыс істейді. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазҰАУ-дың профессорлары мен оқытушыларын, студенттерін конференцияға қатыстыру арқылы, тығыз байланыс орнатқан.
Барлық мамандықта оқитын университет студенттері кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады. Олар философия, саясаттану, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, қазақ,ағылшын,орыс тілдері, құқық негіздері және т. б. пәндері бойынша ғылыми мақалалар дайындап, баяндама жасайды.
Жыл сайын кафедра ПОҚ студенттермен әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізеді: Қазақстан халықтарының тілдер күні, қабырға газеттері, қоғамдық-саяси плакаттар, қоғамдық-саяси және тарихи тақырыптар бойынша эссе жазу т.б.сияқты.
Кафедра оқытушылары барлық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер дайындайды. Кафедра оқытушылары кең ауқымда тәрбие жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар университет көлеміндегі түрлі іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Кафедрада «Академическое письмо», «Englishdom», «Сөз құдыреті» және «Өлкетану» атты ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды.
Кафедра жұмысының басты мақсаты - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласында оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Кафедра өзінің миссиясын әлеуметтік-гуманитарлық пәндер арқылы заманауи біліммен студенттердің жаратылыстану-ғылыми және инженерлік құзыреттілігін толықтыру үшін өнеркәсіптің түрлі саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару саласында жоғары білікті инженерлер мен мамандарды дайындауға ықпал ететін қызметті жүзеге асыруды көздейді.
Кафедра алдына қойған мақсаттарды жүзеге асыруда мынадай бағыттар бойынша қол жеткізеді:
• Дәрістер, тәжірибелік және басқа да оқу сабақтарының түрлерін сапалы өткізу; студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және басқару; студенттердің оқу жұмысына бақылау жасау және оның нәтижелерін анықтау.
• Студенттермен оқудан тыс уақытта (тәрбие) іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу.
• Баспа және электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, дәріс конспектілерін, әдістемелік әдебиеттерді және оқу-тәжірибелік басылымдарды дайындау.
• Үздік оқытушылардың озық тәжірибесінен үлгі ете отырып, жас оқытушыларға педагогикалық шеберлікті меңгеруге көмек көрсету.
• Кафедра оқытушылары жүргізетін пәндері бойынша оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ басқа кафедралар дайындаған оқу жоспарларына қорытынды жасау.
• Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасау және аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау.
• Әлеуметтік-гуманитарлық салада білімі мен құзыреттілігі жетілген қызметкерлер мен түлектердің мәдени-адамгершілік деңгейі мен зияткерлік әлеуетін арттыру.