Главная Новости Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тыңдалды
1 қыркүйек 2023                  627
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тыңдалды

2023 жылдың 1 қыркүйегінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының онлайн-трансляциясы көрсетілді. Жолдауды тыңдауға университет ректоры, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

         Мемлекет басшысы, ең алдымен, былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

         Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда өңдеуші және тау-кен өнеркәсібі, қорғаныс-өнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, қаржы, IT және цифрландыру, су ресурстары, креативті индустрияны дамыту, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қолдау жөнінде Үкіметке нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ мемлекеттің экономикаға ықпалын азайтуға, экономиканы монополиядан арылтуға, макроэкономикалық саясатты қайта қарауға, салық, бюджет саясатын және әкімшілік басқару жүйесін реформалауға қатысты бірқатар маңызды бастама көтерді. 

Сонымен қатар Президент  нағыз дамыған ел боламыз десек,  ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды мәселе екенін айтты. Әрбір азамат әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ.

            Әділетті Қазақстанды құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қоғамдық сана, азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Онсыз басқа жұмыстың бәрі бекер.   Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары егіз құндылық ретінде әрдайым қатар жүруге тиіс. Шын мәнінде, адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды.

            Президент мемлекеттік білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы,жыл сайынғы мемалекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуы тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор-балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады. Сапалы орта білім алу-әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз-«сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет екендігін айқындап көрсетті. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлы ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт, сондықтан, білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы, оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы мәселесін реттеу заман талабы.