2024
жылғы 25 қыркүйекте Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте (METU) «Болашақтың кілті – инженерияда»
тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның мақсаты – Қазақстан
Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан:
заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына
Жолдауы аясында Қазақстан Республикасы үшін аса мұқтаж инженер кадрларына
жоғары білім беру мен даярлауды дамыту мәселелері мен мүмкіндіктерін, ҚР ҰИА президенті, академик Бақытжан
Тұрсынұлы Жұмағұловтың «Жолдау-2024: Болашақтың кілті – инженерияда» атты
жарияланымын кеңінен талқылау.
METU ректоры – Гүлнар Әлібекқызы
Сәрсенбекова өзінің құттықтау сөзінде халықаралық байланыстарды кеңейтудің,
ғылыми зерттеулерді ұлғайтудың, білім беру бағдарламаларын жетілдірудің
маңыздылығына тоқталып, қазіргі жағдайда инженерлік кадрларды даярлаудың перспективасын
атап өтті. Бақытжан Тұрсынұлының жарияланым материалына сүйене отырып, ректор «Халқымыздың жарқын
өкілі Қаныш Сәтбаевтың» мұрасы болып табылатын ұрпақтар сабақтастығының факторы
ретінде жаңғыртудың қазіргі қажеттілігіне ерекше назар аударды. Жоғары нәтижеге жету
үшін көптеген жұмыс атқарылғандықтан, ғылыми кадрлардың, академиялық
қоғамдастық пен бизнестің берекелі бірлігі мен қажырлы еңбегі өз жемісін беруі тиіс.
Дөңгелек үстелдің отырысына
Польшадан келген арнайы қонақ Владислав Евгеньевич Сокол да қатысты, ол – Еуропадағы бірқатар
IT-компаниялардың иесі және METU-да іске асырылып жатқан коммерцияландыру
жобаларының инвесторы ретінде баяндама жасауға келісімін берді. Өзінің құттықтау
сөзінде ол университеттің бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылының маңыздылығын,
өйткені мұндай тандем ғылыми әзірлемелерге қаржылық қолдау көрсетуге арналғанын атап өтті.
Бақытжан Тұрсынұлы тоқталып өткен
перспективаларға қатысты белгілі ғалымдар – экономика
ғылымдарының докторы, профессор Седеп Тоқтамұратқызы Міржақыпова; техника
ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мәлік Жайлаубайұлы Жантурин;
ғылым докторы, зерттеуші-профессор Алтынай Бурхатқызы Абуова; экономика
ғылымдарының кандидаты, профессор Манатжан Әшімқұлқызы Тілеужанова;
«Биохимиялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Елена Владимировна Солодова
өздерінің сараптамалық пікірлерін білдірді.
Осы іс-шара шеңберінде METU базасында іске асырылып жатқан ғылыми жобалар басшыларының баяндамалары тыңдалып, ғалымдар гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және коммерцияландыру жобаларын орындау аясында: алынған негізгі нәтижелерді көрсетті: