Главная Студентам Студенческие новости Университет студенттері «Еңбегім – мәртебем!» акциясын іске асырды
30 Қаңтар 2025                  370
Университет студенттері «Еңбегім – мәртебем!» акциясын іске асырды

Университетіміздің студенттері «Еңбегім – мәртебем!» акциясын іске асырып, еңбек мәдениетін дамытуға және еріктілік қызметіне өз үлестерін қосты. Игі бастама аясында олар ыстық сусындар таратып, еңбек адамдарына жылы киімдер сыйлады.

Студенттер көшеде жұмыс істейтін адамдарға – аула сыпырушылар мен коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен жылы киімдер үлестірді. Олардың қамқорлығы мен ықыласы ауа райының қолайсыз жағдайында еңбек ететін жандар үшін ерекше қуаныш сыйлады.

«Әр адамның еңбегі құрметке лайық. Біз қаламызды таза әрі жайлы ететін жандарға қолдау көрсеткіміз келді».

«Еңбегім – мәртебем!» акциясы студенттер үшін әлеуметтік жауапкершілікті көрсетудің және еңбекке құрмет білдірудің жарқын үлгісі болды. Олар тек көмек көрсетіп қана қоймай, айналасындағы адамдарға үлгі бола отырып, кішігірім игі істердің де әлемді жақсы жаққа өзгерте алатынын дәлелдеді.