ОҢТҮСТІК ОРАЛ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ шақырылған
профессоры, техникалық ғылымдар докторы Светлана Павловна Меренкова Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінің студенттеріне «Альтернативті белок
компоненттерінің көздері: жаңа қиындықтар мен болашақ перспективалары»
тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәріс студенттер мен мамандар арасында үлкен
қызығушылық тудырды, себебі ол биотехнологиялар мен азық-түлік өнеркәсібіндегі
маңызды және өзекті мәселелерді қозғады.
Тақырыптың
өзектілігі:
Профессор
Меренкова лекциясында өсімдік шикізатынан белок компоненттерін алу үшін тұрақты
және тиімді әдістерді дамыту мақсатында инновациялық экотехнологияларды
қолданудың перспективаларын талқылады. Мұндай тәсілдер азық-түлік қауіпсіздігі
мен сапасын арттыру мәселелерін шешудің негізі бола алады.
Дәріске
қатысқан МИТУ студенттері биотехнологиялар саласындағы соңғы жетістіктер мен
оларды азық-түлік өнеркәсібінде қолдану туралы білуге мүмкіндік алды, бұл
олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және ғылым мен технологиялардың болашақ
бағыттарында мансап мүмкіндіктерін кеңейтуге септігін тигізеді.