Главная Новости METU-да Ғылым апталығы мен «Ғылым 2025: Жастар энергиясы» конференциясының салтанатты ашылуы өтті
08 Сәуір 2025                  571
METU-да Ғылым апталығы мен «Ғылым 2025: Жастар энергиясы» конференциясының салтанатты ашылуы өтті

2025 жылғы 8 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған дәстүрлі Ғылым апталығы аясында «Ғылым 2025: жастар энергиясы» атты ғылыми-практикалық конференцияның салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараны Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы құттықтау сөзімен ашты. Ректор өз сөзінде ғылым мен білімді дамытудың елдің мемлекеттік саясатының басым бағыты ретінде ерекше маңызын атап өтті. Сонымен қатар өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен ғылымды дамыту бағытында нақты қадамдар жасалып жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, 2024 жылы күшіне енген «Ғылым және технологиялар туралы» жаңа Заң ғылыми инфрақұрылымды дамытуға, ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жас зерттеушілерді қолдауға - мақсатты гранттар, шәкіртақылар мен тәлімгерлік бағдарламалар арқылы - бағытталған жаңа құқықтық негіз қалыптастырды.

Сонымен қатар, ректор қатысушылар мен қонақтарға ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының конференцияға арнаған құттықтауын жеткізді.

Іс-шара барысында Қытай Халық Республикасының білім жөніндегі консулы Чжанг Вэй мырза да құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қытай университеттері арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол барша қатысушыларды Ғылым күнімен құттықтап, табысты жұмыс тіледі.

Пленарлық отырыстың негізгі баяндамашыларының бірі ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы болды. Өз сөзінде: «Ғылым мен білім саласындағы барлық шешімдер студенттердің мүддесіне сай қабылдануы тиіс. Университетте білімге деген шынайы құштарлық сезіледі. Бұл - білікті инженерлердің жаңа буынын қалыптастырудың негізі» - деп атап өтті.

Сондай-ақ, пленарлық отырыс аясында сөз сөйлегендер:

  • профессор Бектемесов Мақтағали Әбдімәжітұлы, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының директоры;
  • профессор Ван Исмаханиса (MARA, Малайзия), «Цифрландыру дәуіріндегі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» тақырыбында баяндамасымен таныстырды;
  • профессор Яцек Циеслик (AGH, Польша), Қазақстан университеттерімен халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті.

Пленарлық отырыс Ғылым апталығының мазмұнды бағдарламасына бастау болды. Апталық 11 сәуірге дейін жалғасып, ғылыми көрмелер, студенттердің постерлік сессиялары, ашық дәрістер мен дөңгелек үстел сессияларын қамтиды.